Орта салмақта IBF және IBO чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) келесі жекпе-жегінің күнін белгіледі. Бұл туралы инсайдер Майк Коппинджер (The Athletic) мен оның ESPN журналындағы әріптесі Дэн Рафаэль мәлімдеді.
Олардың мәліметінше, GGG мен польшалық міндетті қарсыласы Камил Шеремета (21-0, 5 КО) арасындағы жекпе-жек 28 наурыз поляктардың ең үлкен диаспорасы шоғырланған Чикагоға белгіленді. Ал кездесу өтетін ең ықтимал арена ретінде он мың адам сиятын Wintrust Arena аталып отыр.
Мұның алдында жекпе-жектің мән-жайы келісілгені хабарланған, алайда, әзірге келісімшарт бекітілген жоқ.
"Мән-жайы келісілді". Еуропа чемпионы мен Головкин жекпе-жегі туралы мәлімет тарадыБұл Головкиннің DAZN стриминг қызметімен келісілген алты жекпе-жектің үшіншісі болмақ.