Головкин екі жекпе-жекпен әлемнің абсолют чемпионы бола алады. Сарапшы пікірі

Сурет: AllFight.Ru

Қазақстандық Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) екі жекпе-жектен кейін әлемнің абсолют чемпионы бола алады. Британиялық talkSPORT порталының редакторы Майкл Бенсон осылай ойлайды. Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында ол GGG арманын орындай алатын жолды атады.

"Головкин Муратаға қарсы - Азия үшін тамаша айқас, неге АҚШ-та Чарло - Андраде кездесуін ұйымдастырмасқа? Бұл жеңімпазы абсолют чемпион атанатын тамаша турнир болар еді. Мұндай айқастар орта салмақты қайта жаңғыртар еді. "Канело" кеткелі мұнда онша қызық емес. Бұл ең жақсы сценарий. Басты қиындық платформалар түрлілігі. Чарло PBC-де, демек, DAZN-мен екі жекпе-жек ұйымдастыру оңай емес. Хирн осы себептен Мурата, Андраде және Головкиннің текетіресіндегі жеңімпазды Чарломен шығарғысы келетін шығар. Бірақ мұндай нұсқа ұзаққа созылуы мүмкін. GGG үшін біріншісі дұрыс, өйткені уақыт оның пайдасында емес", - дейді Бенсон. 

Жаңалықтар