Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBC) орта салмақта америкалық Джермалл Чарлоға (32-0, 22 КО) тиесілі чемпиондық белбеуге үміткерді анықтамақ. Бұл туралы ESPN арнасындағы өз айдарында белгілі инсайдер Майк Коппинджер хабарлады.
Осылайша, Сергей Деревянченко (13-3, 10 КО) - Хайме Мунгия (37-0, 30 КО) жекпе-жегінің жеңімпазы титулды айқасқа шығатын болады. Егер командалар 17 қыркүйекке дейін келісімге келе алмаса, промоутерлік сауда белгіленеді.
Айта кетейік, Деревянченко 2020 жылы Чарломен бір рет жұдырықтасқан. Ол кезде украиналық төрешілер шешімімен есе жіберді. Ал оған дейін украиналық боксшы IBF және IBO чемпионы қазақстандық Геннадий Головкиннен (41-1-1, 36 КО) жеілген еді.