Бокс
20 тамыз 2021 11:24
 
Головкин дивизионындағы белбеуге үміткерді анықтайды. Мунгия мен Деревянченко жекпе-жеке шығады

  Пікірлер

blog.share

Головкин дивизионындағы белбеуге үміткерді анықтайды. Мунгия мен Деревянченко жекпе-жеке шығады Сурет: боксшының Twitter желісінен

Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBC) орта салмақта америкалық Джермалл Чарлоға (32-0, 22 КО) тиесілі чемпиондық белбеуге үміткерді анықтамақ. Бұл туралы ESPN арнасындағы өз айдарында белгілі инсайдер Майк Коппинджер хабарлады. 

Осылайша, Сергей Деревянченко (13-3, 10 КО) - Хайме Мунгия (37-0, 30 КО) жекпе-жегінің жеңімпазы титулды айқасқа шығатын болады. Егер командалар 17 қыркүйекке дейін келісімге келе алмаса, промоутерлік сауда белгіленеді. 

Айта кетейік, Деревянченко 2020 жылы Чарломен бір рет жұдырықтасқан. Ол кезде украиналық төрешілер шешімімен есе жіберді. Ал оған дейін украиналық боксшы IBF және IBO чемпионы қазақстандық Геннадий Головкиннен (41-1-1, 36 КО) жеілген еді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

Жарнама

Живи спортом!