Бокс
9 қаңтар 2024 09:33
 

"Головкин де сондай". Жеңілмеген чемпион Канелоның кемшілгін ашып айтты

  Пікірлер

blog.share

"Головкин де сондай". Жеңілмеген чемпион Канелоның кемшілгін ашып айтты ©AllBoxing.ru

Екі салмақта әлем чемпион болған және карьерасын 2017 жылы жеңілмеген күйі аяқтаған америкалық Андре Уорд 32-0 (16 КО) екінші орта дивизионда абсолют чемпион Сауль Канело Альварес (60-2-2, 39 КО) туралы ойын айтты. 

blog.share

Екі салмақта әлем чемпион болған және карьерасын 2017 жылы жеңілмеген күйі аяқтаған америкалық Андре Уорд 32-0 (16 КО) екінші орта дивизионда абсолют чемпион Сауль Канело Альварес (60-2-2, 39 КО) туралы ойын айтты. 

"Канело бокс үшін көп еңбек сіңірді. Артында үлкен ел тұр, ол шынымен жақсы боксшы. Альварестің жалғыз проблемасы - ол құны жоғары болғандықтан кез келген боксшымен жекпе-жекті өткізе алады. Сәйкесінше, оның элитадағы боксшыны таңдап, дәрежесін қатерге тігуге ынтасы жоқ. 

Ол мықты боксшылармен жекпе-жектерде бір ізді болмады, сондықтан оның өзі қаншалықты мықты екенін білмеймін. Головкин туралы да айтатыным сол. Белгілі бір деңгейде боксшы жақсы жұдырықтасатынын көруге болады, алайда ол қаншалықты мықты? Міне осындай боксшылардың ең мықты жақтарын аша алатын екі немесе үш қарсылас қана болады. Осы кезде оны басқа деңгейде ме, соны көре алатын едік. Міне Канелоға қатысты мені алаңдататын жалғыз мәселе осы", - деп береді Уордтың сөзін ProBox TV.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!