Головкин де, Канело да қорыққан боксшының есімі аталды

©Тұрар Қазанғапов

Екі салмақта әлменің бұрынғы чемпионы Тимоти Брэдли қазақстандық Геннадий Головкин (42-2-1, 37 КО) және мексикалық Сауль Канело Альварес (60-2-2, 39 КО) те америкалық Деметриус Андрадемен (32-0, 19 КО) жекпе-жектен қашқандарын айтады.

"Канелоға Андрадемен жекпе-жек үшін 40 миллион доллар ұсынған. Кім қашқанын білесіздер ме? Альварес бұл ұсыныстан бас тартып, 35 миллионға Ковалевпен айқасты. Жекпе-жектен қашу ма? Әлбетте. Андраде одан кейін Джермалл Чарлоға 7 миллион ұсынып, кездесу өткізуге шақырды. Чарло да бас тартты. Амалы таусылған соң баспасөз мәслихаттарына келе бастады. Чарло отырған екі баспасөз жиынына келді, бірақ Джермалл бәрібір келіспеді. Ол тіпті Головкинмен де айқасқысы келді де, рингке шығып GGG-ді айқасуға шақырмақ еді, бірақ оған жол бермеді. Бұл атақтылардың бәрі Андрадемен жұдырықтаспас үшін қомақты ақшадан бас тартты", - деп береді Брэдлидің сөзін boxing-social.com

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport