Головкин де жете алмаған. Әлімханұлы Қазақстан үшін тарихи жетістік жайлы айтты

©twitter.com/qazaqstyle

Орта салмақта WBO және IBF белбеулеріне ие қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (15-0, 10 КО) Tengri Sport тілшісіне берген сұхбатында абсолют атану мақсаты туралы айтып берді, деп хабарлайды Vesti.kz.

- Қазақстан  тарихында алғашқы абсолют чемпион атана алатыныңызды сезесіз бе? Бұл атаққа Геннадий Головкин де жете алмады ғой?

- Головкин жеткен шыңға басқа қазақстандықтар жете алмайды деп кім айтты? Әр боксшының өз тағдыры, өзінің қайталанбас жолы бар.

Мен абсолют бола аламын ба деп сұрамау керек, қашан абсолют чемпион атанамын деп сұраңыздар. Қалған екі титулды алдағы екі жылда аламын. Тарихқа атымды жазамын. Бір адамның істегенін екінші адам да істей алады. Бастысы - сенім. Тәуекел ете білу керек және барынша дайын болу қажет, - дейді Жәнібек. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар