Бокс
27 мамыр 2019 14:36
 
Головкин DAZN-дегі дебюті алдында ашық жаттығу өткізеді

  Пікірлер

blog.share

Головкин DAZN-дегі дебюті алдында ашық жаттығу өткізеді © RingSide24

Орта салмақта бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО) DAZN стриминг қызметіндегі алғашқы жекпе-жегі алдында ашық жаттығу өткізеді, - деп хабарлайды Vesti.kz. Бұл туралы промоутер Том Леффлер айтып берді.

Головкин келесі жекпе-жегін 8 маусымда Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өткізеді. Оның қарсыласы - Стив Роллс (19-0, 10 КО). Боксшылар 164 фунтқа дейінгі аралықтағы салмақта өнер көрсетеді. Бұл Головкин үшін Джонатан Бэнкстің жаттықтыруымен бірінші жекпе-жек.

Леффлердің сөзінше, ашық жаттығу сейсенбі, 28 мамыр Лос-Анджелесте өтеді. БАҚ өкілдері Головкинннің андеркартында жұдырықтасатын Али Ахмедовтың (14-0, 10 КО) да өнерін тамашалай алады. 

Ахмедовтың қарсыласы Маркус МакДэниэл (15-0, 2 КО) болады, америкалық боксшы бұл жекпе-жегі үшін карьерасындағы ең үлкен гонорар алатынын айта кетейік. Ал қазақстандықтың ісін 2018 жылдан бері Головкинге тиесілі GGG Promotions жүргізетінін де атап өткен жөн. 

Жарнама

Живи спортом!