Головкин чемпиондықтан бас тарта ма? Бразилиялық нокаутшы мәлімдеме жасады

©instagram.com/gggboxing

Бразилиялық журналист кіші Уилсон Балдини қазақстандық Геннадий Головкин (42-2-1, 37 KО) чемпион болып келетін орта салмақтағы IBF рейтингіндегі өзгеріске назар салды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Рейтіингте Хайме Мунгия мен Риота Мурата үшінші және бесінші орынға көтеріліпті. Бірінші орында GGG-ге міндетті қарсылас Эскива Фалькао (30-0, 20 KO) мызғымай тұр. 

"IBF орта салмақ рейтингін өзгертіп, Хайме Мунгияны үшінші орынға, ал Риота Муратаны - беске қойыпты. Головкин белбеуден бас тарта ма екен? Қалай ойлайсың, Эскива?" - деп жазыпты Балдини "твиттерде".

Фалькао бұған бірден жауап берді: "Меніңше, ол айқасады. Ол белбеуін тастап кетеді дегенге сенбеймін. Енді рейтинг тамаша болып тұр, ал Мунгия мен Мурата жақсы айқас өткізеді". 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар