Головкин бокстың болашағына қатысты мәлімдеме жасады
Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті, World Boxing Олимпиадалық комиссия төрағасы Геннадий Головкин Пуэблодағы (АҚШ) бокстан U19 әлем чемпионатының қатысушыларымен кездесті.
Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті, World Boxing Олимпиадалық комиссия төрағасы Геннадий Головкин Пуэблодағы (АҚШ) бокстан U19 әлем чемпионатының қатысушыларымен кездесті.
Головкин спортшыларға арналған үндеуінде 2028 жылғы Олимпиада ойындары бағдарламасында боксты сақтап қалуға басымдық беретінін атап өтті.
"Қазіргі таңда араларыңызда болашақ чемпиондар, Лос-Анджелестегі ойындарға қатысатын олимпиадашылар бар. Өз тарапымнан боксты Олимпиаданың жарыс бағдарламасында сақтап қалу үшін қолымнан келгенін істеймін деп уәде беремін.
Биікке ұмтылыңыздар, мақсаттарыңызға жету үшін күштеріңізді аямаңыздар. Барлығына жеңіс және әлем чемпионатында жетістікке жетуді тілеймін", - деп береді Головкиннің сөзін Olympic.kz.
Жарнама