"Головкин - бокс машинасы". Өзбек "Монстры" Головкинге ұқсағысы келетінін айтты

Исраил Мадримов. Сурет: Vesti.kz. Тұрар Қазанғапов©

Болашағынан зор үміт күттіріп отырған 26 жастағы "Монстр" лақап атымен өнер көрсететін өзбек боксшысы Исраил The Dream Мадримов (7-0, 5 КО) оны IBF және IBO нұсқалары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкинмен (41-1-1, 36 КО) салыстырулар туралы сұраққа жауап берді. "Боксерская правда" YouTube-арнасына берген сұқбатында ол GGG-ге ұқсағысы келетінін мойындады. 

- Сені Головкинмен көп салыстырады. Сен алаңда көбірек "ойнайсың". Ал Гена соққысы ауыр панчер болып қалыптасып кетті, ол жекпе-жектерде қарқынымен жеңіп тастайды. Сен бұл салыстыруларға қалай қарайсың? 

"Геннадий Головкин - бұл бокс машинасы. Өте ауыр ұрады. Менің ондай стилім жоқ. Мен Генаға ұқсағым келеді, бірақ әр боксшының техникасы әртүрлі. Мен оны адам ретінде, боксшы ретіндіе сыйлаймын және одан қарапайым адам ретінде де, боксшы ретінде үйренерім көп. Маған ұнайтыны - ол шаршы алаңда не болып жатқанын жақсы бақылауда ұстайды, және бастырмалатып соққылар жасай алады" - деп жауап берді өзбек боксшысы. 

Естеріңізге сала кетейік, Мадримов АҚШ-та бірнеше рет Головкиннің кардында өнер көрсеткен болатын. Сондай-ақ "Монстр" GGG сүйікті боксшым дейді.

Метки: