Бокс
20 наурыз 09:09
 

Головкин Бетербиевтен асып түсті

  Пікірлер

blog.share

Головкин Бетербиевтен асып түсті ©x.com/tomloeffler1

Спорт туралы жазатын vRINGe порталы 40 асқан ең мықты боксшылар тізімін жариялады. Бұл жариялымның басты жұлдызы қазақстандық Геннадий GGG Головкин (42-2, 37 KO) болды, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Спорт туралы жазатын vRINGe порталы 40 асқан ең мықты боксшылар тізімін жариялады. Бұл жариялымның басты жұлдызы қазақстандық Геннадий GGG Головкин (42-2, 37 KO) болды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Қазақстанның Ұлттық олимпиадалық комитетінің қазіргі президенті рингке екі жылдай шықпады. Бірақ оны әлі де түрлі рейтингтерге қосуда. 

Головкин кейінгі рет Сауль "Канело" Альвареспен (62-2-2, 39 КО) жұдырықтасқан болатын. Екеуі алғаш рет 2017 жылы тең түсті. Бір жылдан кейінгі қарымтада "Канело" төрешілер шешімімен жеңді. 2022 жылы үшінші айқаста да мексикалық жеңіске жетті.

vRINGe басылымы жариялаған ардагерлер қатарына мына боксшылар да кірді:

Артур Бетербиев (21-1, 20 КО) - 40 жас;
Жан Паскаль (37-7-1, 21 КО) - 42;
Феликс Штурм (45-6-3, 20 КО) - 46;
Автандил Хурцидзе (34-2-2, 23 КО) - 44;
Эрисланди Лара (31-3-3, 19 КО) - 41;
Гильермо Ригондо (23-3, 16 КО) - 44;
Оланреважа Дуродола (49-10, 43 КО) - 44;
Фират Арслан (56-9-3, 41 КО) - 54;
Сергей Ковалев (35-5-1, 29 КО) - 41;
Хусейн Джинкара (22-0, 18 КО) - 40;
Баду Джек (28-3-3, 17 КО) - 41;
Кшиштоф Влодарчик (65-4-1, 44 КО) - 43;
Нельсон Хиса (21-0, 19 КО) - 40;
Мануэль Чарр (34-5, 20 КО) - 40;
Луис Ортис (34-3, 29 КО) - 45;
Чжан Чжилеи (27-3-1, 22 КО) - 41;
Дерек Чисора (36-13, 23 КО) - 41;
Кубрат Пулев (32-3, 14 KO) - 43 жаста.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!