"Головкин бабынан тайып барады, дегенмен...". GGG мен "суперчемпион" айқасы нокаутпен бітетіні айтылды

©Daily Express

Белгілі бокс сарапшысы америкалық Дэн Рафаэль қазақстандық Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) және жапониялық Риота Мурата (16-2, 13 КО) арасындағы жекпе-жекке қатысты болжамын айтты, деп хабарлайды Vesti.kz.

"Шынын айтқанда Муратада жеңетін мүмкіндік барына сенбеймін. Онда Головкинді жеңетін қару жоқ. Соққысы ең мықты боксшының бірі саналатын адамды жеңу қиын. Сонымен қоса, олардың арасында тәжірибе және мықты қарсыластармен жұдырықтасу жағынан да айырмашылық бар. Головкин бабынан тайып барады, дегенмен, оның деңгейі Муратадан жоғары. Ал егер Мурата менің қателесетінімді дәлелдей алса, ол мақтауға тұрарлық. Мен Головкин алты-сегізінші раундтарда жеңеді деп ойлаймын", - деп береді Рафаэльдің сөзін Sportiva.

Boxingscene.com тілшісі Кит Айдек те осындай пікірде: "Бұл ауыр айқас болады, нағыз жекпе-жекті тамашалай аласыздар, ал Головкин 8-10 раундтарда нокаутпен жеңеді".

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport