Бокс
20 тамыз 2022 15:59
 
Головкин ауыр салмақта Усик пен Джошуа реваншына болжам жасады

  Пікірлер

blog.share

Головкин ауыр салмақта Усик пен Джошуа реваншына болжам жасады ©Reuters

Геннадий Головкин супер ауыр салмақта WBA, IBO, IBF және WBO әлем чемпионы украиналық Александр Усик (19-0, 13 KO) пен ұлыбританиялық Энтони Джошуа (24-2, 22 КО) реванш-айқасына болжам жасады, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

"Джошуаға нағыз жыртқыш аң болу керек. Оған әдемі бокс туралы ойламай, тек жеңіске жетудің жолдарын қарастыру керек. Егер реваншта мінез көрсете білсе, жеңіске жетуіне болады. Алайда біз бұл жолы да бірінші жекпе-жектегі сценарийді көретін сияқтымыз. Яғни, бұл жолы да Усиктің мерейі үстем болады", - дейді Головкин.

Бокс кеші Джидда (Сауд Арабиясы) қаласындағы Jeddah Superdome кешенінде елорда уақытымен кешкі сағат 21:00-де басталады. Усик пен Джошуа шамамен түнгі сағат 02:00 шамасында ринг төріне шығуы тиіс. Тартысты айқасты DAZN стримингтік сервисі тікелей эфирде көрсетеді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

Жарнама

Живи спортом!