Геннадий Головкин отандасы Айдос Ербосынұлының тезірек сауығып кетуін тіледі, деп хабарлайды Vesti.kz.
"Болашағынан айырды!". Маман Ербосынұлының ауыр халіне кінәліні атады
6 қарашада Ербосынұлы кубалық Давид Моррелден (8-0, 7 КО) 12-раундта нокаутпен жеңілді. Айдостың жағдайы нашар болған соң оны рингтен зембілмен көтеріп алып кеткен екен. Осыдан кейін ауруханада миына қан кеткен боксшыны жасанды комаға түсірді.
Комаға түскен Ербосынұлының операциядан кейінгі жағдайы айтылды
"Денсаулық пен тезірек қалыпқа келуіңді тілеймін. Туғандарың мен жақындарыңа күш берсін", - деп жазыпты Головкин Instagram желісінде.