Головкин асқақтап кеткен "Канелоны" жерге түсірді

©matchroom boxing

Орта салмақта WBA Super, IBF және IBO чемпионы Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО) мексикалық Сауль "Канело" Альварестің (57-2-2, 39 КО) Александр Усикпен жұдырықтасуға дайын дегеніне қатысты сын айтты.

"Мен "Канеломен" тек орта салмақта жұдырықтастым. Ол дивизионда комбинацияларды жылдам жасайтын. Ал ауыр, нокаутқа түсіретін соққы болмады, өздеріңіз де көрдіңіздер. Кейінгі айқастарында өзге қарсылас, басқа деңгей болды. 

Күшім артты, бірінші ауыр салмақта жұдырықтасуға, Усикті жеңуге дайынмын дегенде біршама адасу бар. Біраз жерге түсіп адам болу керек", - деп береді Головкиннің сөзін Fightnews.info.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport