Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (11-0, 7 КО) The Ring журналының рейтингінде бір саты жоғарлады, деп хабарлайды Vesti.kz.
Орта салмақтың жаңартылған рейтингінде қазақ боксшы Риота Муратаның (16-3, 13 КО) орнын басты. Геннадий Головкиннен (42-1-1, 37 КО) жеңілгенге дейін жапониялық алтыншы болған, ал Жәнібек одан кейін тұрған.
Головкиннің өзі рейтинг көшін бастап тұр.