Бокс
Бүгін 21:23
 

Головкин аңыз боксшылармен бір тізімге енді

  Пікірлер

blog.share

Головкин аңыз боксшылармен бір тізімге енді ©instagram.com/gggboxing

Орта салмақта әлемнің бұрынғы чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин Boxingmedia нұсқасы бойынша XXI ғасырдың ең ұлы боксшылары рейтингіне кірді, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Орта салмақта әлемнің бұрынғы чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин Boxingmedia нұсқасы бойынша XXI ғасырдың ең ұлы боксшылары рейтингіне кірді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Тізімге барлығы 25 боксшы енді. Геннадий Головкин бұл рейтингте 11-орынға жайғасты.

Рейтингтің көшін америкалық Флойд Мэйвезер бастап тұр. Екінші орында филиппиндік Мэнни Пакьяо, ал үздік үштікті АҚШ өкілі Бернард Хопкинс түйіндеді.

XXI ғасырдың ең ұлы 25 боксшысы:

Флойд Мэйвезер (АҚШ)
Мэнни Пакьяо (Филиппин)
Бернард Хопкинс (АҚШ)
Александр Усик (Украина)
Сауль "Канело" Альварес (Мексика)
Андре Уорд (АҚШ)
Терренс Кроуфорд (АҚШ)
Хуан Мануэль Маркес (Мексика)
Рой Джонс (АҚШ)
Наоя Иноуэ (Жапония)
Геннадий Головкин (Қазақстан)
Джо Кальзаге (Ұлыбритания)
Эрик Моралес (Мексика)
Василий Ломаченко (Украина)
Оскар Де Ла Хойя (АҚШ)
Роман Гонсалес (Никарагуа)
Тайсон Фьюри (Ұлыбритания)
Мигель Котто (Пуэрто-Рико)
Виталий Кличко (Украина)
Марко Антонио Баррера (Мексика)
Кейти Тейлор (Ирландия)
Владимир Кличко (Украина)
Кларесса Шилдс (АҚШ)
Рональд Райт (АҚШ)
Тимоти Брэдли (АҚШ)

Головкиннің кәсіби бокстағы жетістіктері

Айта кетейік, Геннадий Головкин кәсіпқой рингте 42 жеңіске жеткен, оның 37-сі нокаутпен. Сонымен қатар, екі рет жеңіліп, бір мәрте тең түскен. Ол орта салмақта WBC, WBA, IBF және IBO нұсқалары бойынша әлем чемпионы атанған.

Головкин орта салмақтағы нокаутпен жеңу пайызының ең жоғары көрсеткіші үшін Гиннестің рекордтар кітабына енген. Сондай-ақ, ол аңызға айналған Бернард Хопкинстің орта салмақтағы чемпиондық белбеуді сәтті қорғау рекордын (21 рет) жаңартты.

2025 жылы Геннадий Головкин Қазақстан боксы тарихында алғашқы болып Халықаралық бокс даңқ залына (IBHOF) енгізілді.

Қазір Головкин немен айналысады?

Қазақстандық боксшы соңғы рет 2022 жылдың қыркүйегінде рингке шықты. Ол кезде Сауль "Канело" Альвареспен өткен трилогияда төрешілер шешімімен жеңіліс тапқан болатын.

2024 жылдың ақпан айында Геннадий Головкин ресми түрде Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті болып тағайындалды. Сонымен бірге, ол жаңа құрылған World Boxing ұйымының президенті қызметін атқарады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!