Головкин Әлімханұлына чемпион атануға кедергі болып тұр

12 қыркүйек 2023 11:50
©DAZN

Орта салмақта WBO чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (14-0, 9 KO) тағы бір титул жеңіп алу мүмкіндігінен айырылды, оған өзге қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (42-2-1, 37 KO) бөгет болып тұр екен, деп хабарлайды Vesti.kz.

Мұның алдында Әлімханұлы 14 қазан Розенбергте өтетін IBF титулына ие германиялық Винченцо Гуальтьеримен (21-0-1, 7 KO) жекпе-жегінде The Ring белбеуін де сарапқа салуды сұраған. 

"Орта салмақта The Ring белебуі бос тұр. Бұл белбеуді иеленудің екі жолы бар: чемпионды немесе рейтингтегі бірінші не екінші нөмірлі үміткерді жеңу керек. Қазір The Ring журналының орта салмақ рейтингінің көш басында Головкин тұр, ал екінші орында Әлімханұлы. 

Олардың арасында жекпе-жек неге мүмкін емес екені белгілі", - деп жазады "Спорт Шредингера" телеграм арнасы. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар