Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин әлемнің бұрынғы чемпионы Андре Уордпен сөзге келіп қалды, деп хабарлайды Vesti.kz. Спортшылардың жанжалына олардың жекпе-жектерінің өтпей қалуы себеп болып отыр.
Бәрі америкалық боксшының қазақстандықпен неге жұдырықтаса алмағанын еске түсіруден басталды.
"Головкин бес минут қалғанда бас тартты ғой", - деп жазды Уорд.
Головкин бұған ол кездегі оқиғаны тізбектеп беріп, қатқыл жауап берді.
"Андре, жанкүйерлерге жалған айтқаныңды тоқтат. Сенің командаң ұсынысты мен Лемьемен жекпе-жек туралы жариялағаннан КЕЙІН жасады. Сен әлі күнге дейін мен сияқты билет сата алмағаныңа жының келеді. HBO сендердің бұл ұсынысты жарнама үшін жасағандарыңды біледі. Туған күніңмен", - депті Головкин.
Бірақ Уорд мұнымен тоқтап қалмады.
"Ұсақ GGG, болды тоқта", - деп жазды ол.
"Менің ағылшыным жақсарып, ал сенің есте сақтауың нашарлап барады", - деп жазуап берді Головкин.