Головкин әлемдік бокс жұлдыздарымен бірге видеоролик түсірді

Cурет: Reuters©
Орта салмақта IBF және IBO чемпионы Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) коронавирус пандемиясымен күресті қолдауға арналған видеоға түсті, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Ролик Нью-Йорктегі атақты Madison Square Garden аренасының твиттерінде жарияланды.

Сондай-ақ роликке Оскар де ла Хойя, Бернард Хопкинс, Владимир Кличко, Майкл Баффер, Эдди Хирн, Том Леффлер, Мигель Котто және басқа да бокс жұлдыздары түскен. Спортшылар пандемиямен күресіп жатқандарға алғыс білдіріп, адамдарды қажетті сақтық шараларын ұстануға шақырды.