Головкин әлемдегі ең мықты чепионнан асып түсті

©Matchroom Boxing

Бірінші орта салмақта өнер көрсететін украиналық Сергей Богачук (23-1, 23 КО) қазақстандық Геннадий Головкинді (42-2-1, 37 КО) қазіргі замандағы ең мықты боксшылар тізіміне қосты, деп жазады Vesti.kz.

Тайсон атақты емес бірақ әлемде ең мықты боксшыны атады

Богачук өз тізімінде Головкинді екінші орынға қойыпты, ал көш басына суперауыр салмақта WBA, WBO, IBO және IBF чемпионы отандасы Александр Усикті (21-0, 14 КО) көтеріпті. Үшінші екі салмақта абсолют чемпион болған америкалық Теренс Кроуфорд (38-0, 29 КО).

Қазіргі таңдағы ең мықты 3 боксшы:
1. Александр Усик
2. Геннадий Головкин.
3. Теренс Кроуфорд", - дейді Богачук Sport-express.ua басылымына берген сұхбатында.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар