Орта салмақта IBF және IBO чемпионы Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) WBA титулына ие Риота Муратамен (16-2, 13 KO) өтетін айқасы жыл жекпе-жегіне айналарына сенімді, деп хабарлайды Fightnews.com.
"Муратамен айқас - ең маңызды. Алға жүгіріп кетпеймін. Алдағы жекпе-жегіме толық дайын келемін. Мурата мен оның еңбегін құрметтеймін. Бар назарым оның титулын тартып алуға бағытталған. Жапонияға сол үшін келдім. Лық толы аренадағы айқасты тағатсыздана күтемін. Біздің стилдер әртүрлі болғандықтан бұл тамаша жекпе-жек болады. Екеуміз де қуатты, алға ғана жүретін агрессив панчерміз. Бұл жанкүйерлер үшін бокс сыйы болады. Бұл жыл айқасы болады деп отырмын", - дейді Головкин.