Головкин әлем чемпионы титулы үшін жекпе-жегі алдында мәлімдеме жасады

Сурет: fightsaga.com

Қазақстандық Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) польшалық Камил Шереметамен (21-0, 5 KO) болатын алдағы жекпе-жегіне қатысты пікір білдірді.

Головкин мен Шеремета кездесуі АҚШ-тың Холливуд қаласындағы Hard Rock Holly казино-қонақүйіндегі шоудың басты оқиғасы болады. Бокс кешін DAZN стриминг сервисі трансляциялайды.

"Бұл жай ғана айқас емес. Бұл жекпе-жектің мәні бар. Мен қарсыластарымды әрдайым құрметтеймін. Боксты шынымен сағындым және осы жылы жұдырықтасқым келді. Мақсат - рекордты 21-ші рет әлем чемпионы атағын қорғау", - дейді Головкин.