Спорт | Қызықтылар | Vesti.kz |
Жарнама
Геннадий Головкин (42-2-1, 37 КО) IBF белбеуінен бас тартты. Бұл туралы бразилиялық журналист Уилсон Балдини хабарлады.
"GGG IBF титулынан бас тартты. Бұл қалай, Фалькао?", - деп жазыпты Уилсон әлеуметтік желіде.
GGG abdicou do título da IBF. Como fica @esquivafalcao ?
— Wilson Baldini Jr (@baldoboxe) February 7, 2023
Айта кетейік, бразилиялық боксшы Эскива Фалькао (30-0, 20 KO) Головкинге IBF жүйесі бойынша міндетті қарсыласы еді. Алайда IBF (Халықаралы бокс федерациясы) әзірге ешқандай ресми мәлімдеме жасамады. Егер Головкин бұл чемпиондық белбеуді шынымен босатса, Фалькаоға ол титул үшін басқа боксшымен айқасу керек болады.
Головкинде тағы IBO және WBA Super чемпиондық белбеулері бар.
Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар
@vestisport @vestikzsportVesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport
Жарнама
Загрузка матч-центра...
Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама