Головкин әлем чемпиондығы үшін жекпе-жектің барлық шарттарына келісті

© DAZN
Орта салмақта бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкин (39-1-1, 35 КО) IBF титулы үшін украиналық Сергей Деревянченкоға (13-1, 10 КО) қарсы жекпе-жектің шарттарына келісті. Бұл туралы The Athletic инсайдері Майк Коппинджер мәлімдеді.

Жекпе-жек 5 қазан Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өтеді деп күтілуде және DAZN платформасында көрсетіледі. Келісімшартқа жақында қол қойылады.

"Мәлімет көздері: GGG 5 қазан MSG-де DAZN үшін Деревянченкомен кездесу шарттарына келісті. Деревянченконың кеңесшілері Кит Коннолли мен Эл Хэймон әлі келісімшартқа қол қойған жоқ, алайда, қоя салысымен Головкин IBF титулы үшін жұдырықтасу мүмкіндігін алады", - деп жазыпты Коппинджер.




"Жағдай промоутерлік саудаға дейін жетпейді, келісім аяқталуға жақын", - деп айта кетті Коппинджер.




Мұның алдында Головкин - Деревянченко жекпе-жегі жайлы аптаның соңында ресми хабарланатыны айтылған еді. Сонымен қатар, украиналық бұл жекпе-жекке өзі үшін ғана емес, өз елінен шыққан атақты боксшылар үшін де рекордты гонорар алатыны хабарланды. 

Шетелдік сарапшы Головкиннің әлем чемпионы үшін жекпе-жегі нокаутпен бітерін айтады