auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Головкин әлде Бивол? Сарапшы "Канелоға" кіммен жұдырықтасқан жөн екенін айтты

Головкин әлде Бивол? Сарапшы "Канелоға" кіммен жұдырықтасқан жөн екенін айтты
©Canelo team

Жартылай ауыр салмақтағы WBA белбеуінің иегері ресейлік Дмитрий Бивол (20-0, 11 КО) мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес (57-2-2, 39 КО)  арасындағы екінші кездесуді өткізу екі боксшы үшін де дұрыс шешім болады. Бұл туралы Vesti.kz тілшісіне берген сұқбатында ұлыбританиялық журналист Бен Смит айтты. Сондай-ақ маман мексиикалық боксшы мен Геннадий Головкин (41-1-1, 37 КО)  арасындағы үшінші кездесу кейінге шегерілетінін түсіндірді. 

Еске салайық, Бивол 8 мамыр күні Лас-Вегаста өткен кездесуде "Канелоны" төрешілердің шешімі бойынша жеңген еді. 

"Бұл кездесудің бірінші раундтары тең өтті. Кейін Бивол жекпе-жекті өз бақылауына алды. Дмитрий керемет тактика құрып шығыпты. Оған қарсы "Канело" еш айла таба алмады. Бивол сөзсіз жеңіске жетті. Енді мен олардың екінші кездесуі өтеді деп сенемін. Тіпті Бивол мен "Канелоның" арасындағы реванш мексикалықтың Головкинмен трилогиясынан маңызды. Екінші кездесуден көп ақша түсіреді. Ал GGG мен "Канело" арасындағы айқас кейінге қалдырылады", - деді Смит. 

Айта кетейік, осы кездесуден кейін Бивол Головкин мен "Канело" арасындағы үшінші кездесуге қатысты жоспарды бұзғаны үшін кешірім сұраған еді. Альварес болса жекпе-жектен кейін бірден ресейліктен реванш сұрады. 

 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Әлеуметтік желілерде бөлісу


Жарнама

Жарнама

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама