Бокс
15 қыркүйек 20:27
 

Головкин ӘЧ-ден кейін қазақстандық боксшыларға үн қатты

  Пікірлер

blog.share

Головкин ӘЧ-ден кейін қазақстандық боксшыларға үн қатты ©instagram.com/gggboxing

Орта салмақта әлемнің бұрынғы чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин Англияның Ливерпуль қаласында өткен 2025 жылғы әлем чемпионатына қатысты өз пікірін білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Орта салмақта әлемнің бұрынғы чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин Англияның Ливерпуль қаласында өткен 2025 жылғы әлем чемпионатына қатысты өз пікірін білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Айта кетейік, бұл турнир алғаш рет World Boxing ұйымының қолдауымен өтті. Головкин – осы жаңа ұйымның Олимпиадалық комиссиясының төрағасы және сонымен қатар Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті.

"World Boxing федерациясының ұйымдастыруымен өткен алғашқы әлем чемпионаты аяқталды. Рақмет, Ливерпуль! Бұл - тарих!

Барлық спортшыға қуаныш пен ерекше сезім сыйлағандары үшін ризашылығымды білдіремін! Әлем чемпионаты шаршы алаңында өнер көрсеткен әрбір спортшымен мақтанамын", – деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында.


Еске сала кетейік, Қазақстан құрамасы бұл чемпионатта жарқын жеңіске жетіп, жүлделік есепте бірінші орын алды: 10 жүлде – 7 алтын, 1 күміс және 2 қола.

Әлем чемпиондары атанған боксшылар:

Санжар Тәшкенбай (50 кг)
Махмұт Сабырхан (55 кг)
Төрехан Сабырхан (70 кг)
Айбек Оралбай (90 кг-нан жоғары)
Алуа Балкибекова (51 кг)
Аида Әбікенова (65 кг)
Наталья Богданова (70 кг)

Күміс жүлдені Назым Қызайбай (48 кг), ал қоланы Виктория Графеева (60 кг) мен Елдана Тәліпова (80 кг-нан жоғары) жеңіп алды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!