Головкин абсолют чемпион атанып "Канеломен" жекпе-жекке шығады
Worldboxingnews.net порталы орта салмақта IBF және IBO чемпионы Геннадий Головкиннің (41-1-1, 36 КО) әлеуетін бағамдап көрді.
Worldboxingnews.net порталы орта салмақта IBF және IBO чемпионы Геннадий Головкиннің (41-1-1, 36 КО) әлеуетін бағамдап көрді.
Басылым мәліметінше, алдағы екі-үш жылда 39 жастағы Головкин орта дивизионда абсолют чемпион атағын жеңіп алып, ал одан кейін Сауль "Канело" Альвареспен (57-1-2, 39 КО) үшінші рет айқаса алады.
"Әрдайым бабында жүретін Головкин 42 немесе 43 жасқа дейін ең жоғары деңгейде жұдырықтаса алады. Бұл қазақстандық боксшыға орта салмақта абсолют чемпион атануға жеткілікті уақыт береді.
Андрадемен (WBO чемпионы) көктемде, одан кейін 2022 жылдың соңында Джермалл Чарломен (WBC) жекпе-жек Головкинді 2023 жылы жоғары салмақта "Канеломен" айқасқа дейін жеткізе алады", - деп жазады басылым.
Жарнама