Орта салмақта бұрынғы әлем чемпионы британиялық Крис Юбенк (31-2, 23 KO) қазақстандық Геннадий Головкин (41-1-1, 36 KO) "Қара талқандаушы" лақап атты Найджел Беннмен жұдырықтасса не болатынын пайымдап көрді.
Юбенктің жерлесі екінші орта салмақта WBC чемпионы болған. Кәсіпқойда 48 жекпе-жек өткізіп, 42 жеңіске жеткен (35 нокаут), сонымен бірге, бес рет жеңілген және бір айқасында тең түскен екен.
"Головкин жекпе-жекке шығып қашуды да ойламай, динамитке тап болатын еді. Найджел жеңеді деп ойлаймын. Өйткені Головкин мықты боксшы болғанымен, Джеральд Макклеланның маңына да жуымайды", - дейді Юбенк Talksport.com басылымына берген сұхбатында.
Сонымен қоса, баританиялықтың ойынша, Бенн мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен жұдырықтасса да, одан еш кем түспейді, екеуінің жеңіске жету мүмкіндігі теңдей болмақ екен.