Головкин 2022 жылы екі кездесу өткізеді. Қарсыластары да белгілі

©instagram.com/gggboxing/

Орта салмақта IBF және IBO белбеулерінің иегері қазақстандық Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) биыл екі кездесу өткізетін шығар. Мұндай болжамды The Ring журналының тілшісі Майкл Монтеро жасады, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Оның айтуынша, биыл Головкин алдымен орта салмақтағы WBA ұйымының "суперчемпионы" Риота Муратамен кездеседі (16-2, 13 КО). Негізі бұл айқас өткен жылы желтоқсанда өту керек болатын. Бірақ Жапония жерінде коронавируыстың жаңа штаммына байланысты шектеулер қойылды. 

Содан соң отандасымыздың қарсыласы бірінші орта салмақта әлемнің бұрынғы чемпионы Хайме Мунгия (38-0, 30 КО) болуы ықтимал. 

Еске салайық, Головкин соңғы рет 2020 жылдың желтоқсан айында шаршы алаңға шықты. Нью-Йоркте өткен айқаста ол Камиль Шереметаны (21-1, 5 КО) жеңіп, 21 рет белбеуін қорғап қалды. 

35 жастағы Мурата болса соңғы рет тіпті 2019 жылдың желтоқсан айында шаршы алаңға шығып, Стивен Батлерден (28-3-1, 24 KO) айласын асырды. 

Енді Головкин мен Мурата арасындағы айқас 2022 жылдың күзінде өтуі мүмкін. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: