Головкин 13 нокауты бар "суперчемпионмен" жекпе-жек өткізеді

23 қыркүйек 2021 10:28
©Mediotiempo

Орта салмақта IBF және IBO чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) WBA "суперчемпионы" жапониялық Риота Муратамен (16-2, 13 КО) жекпе-жек бойынша келісімге келді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Инсайдер Майк Коппинджердің мәліметінше, бұл айқас 28 желтоқсан Жапонияның Кобе қаласында өтеді.

Дегенмен бұл жекпе-жекті DAZN платформасы да жоспарына бекіту керек. Стриминг қызметі Головкиннің Муратамен кездесуіне рұқсат бермесе, бұл айқас өтпейді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport