"Оскар және мен дүйсенбіде "Канеломен" телефон арқылы сөйлестік. Бізде бәрі жақсы. Осыған байланысты жалған әңгімелер мен кері ақпарат тарап жатыр. Біз "Канело", оның командасы және DAZN-мен келесі жекпе-жекті ұйымдастыру бойынша жұмыс істеп жатырмыз.
Ешқандай қиындық жоқ. Адамдар өсекті жақсы көреді, ал айнала жөнсіз ақпаратқа толы. Ол бізден кетіп қалса, ауыр болар ма еді? Әрине, өйткені бокста "Канело" сияқты адам жоқ. Мэнни Пакьяоның кетуі Top Rank-қа зиян келтірді ме? Әлбетте, бірақ, олар бұдан құрып кеткен жоқ. Өздерін ретке келтіріп, әлі жұмысын жүргізіп жатыр.
Бірақ біз мұндай жағдайда емеспіз. Осы өсектің бәрі қайдан шығатыны қызық. Бұл жалған", - дейді Гомес Yahoo! Sports порталына берген сұхбатында.
Сонымен бірге, ол "Канело" мен Головкин арасындағы үшінші жекпе-жекке қатысты ойын айтты. Гоместің сөзінше, Альварес мұндайдан ешқашан бас тартқөан емес.
"Өзінен де сұрасаңыздар болады. Егер бұл жанкүйерлер мен журналистер қалайтын жекпе-жек болса, жұдырықтасуға дайын екенін сан рет айтқан", - деп атап өтті ол.