Golden Boy Promotions промоутерлік компаниясының президенті Эрик Гомес Геннадий Головкин мен Сауль "Канело" Альварес арасындағы қарымта жекпе-жек қайда өтуі мүмкін екенін айтты.
Әзірге негізгі орын ретінде қыркүйекте алғашқы жекпе-жек өткен Лас-Вегастағы T-Mobile аренасы қарастырылып отыр.
Алайда Гоместің сөзінше, жекпе-жек басқа жерде де өтуі мүмкін.
"Ойындарын AT&T Stadium алаңында өткізетін "Даллас Ковбойз" клубының иесі Джерри Джонс және Нью-Йорктегі Madison Square Garden өкілдері бізбен кездескісі келеді. Олар бізге: "Біз расымен де ниеттіміз, жекпе-жекті өзімізде қабылдағымыз келеді, кездесейік", - деді. Біз олармен кездесіп, келіссөздер өткізіп көргіміз келеді", - дейді Гоместің сөзіне TheBoxingTribune.com.
Головкиннің промоутері Том Леффлер де "Канеломен" қарымта кездесуді басқа жерде өткізуді қолдады. Дегенмен қаржылық жағдай шешуші болып кетуі мүмкін екенін де атап өтті ол.
Жарнама