Бокс
8 қаңтар 2020 13:23

GGG титулды жекпе-жегіне дайындықты бастады

© Eurosport
Орта салмақта IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин келесі жекпе-жегіне дайындықты бастады, - деп хабарлайды Boxingnews24.com.


GGG шаршы алаңға көктемде оралады. Бастапқыда оның келесі кездесуі 8 ақпанға белгіленген, алайда оны 29-на ауыстырды. Кейінірек Головкиннің 28 наурызда шаршы алаңға шығатыны айтылды. Соңғы мәлімет бойынша, қазақстандықтың келесі жекпе-жегі сәуірде не мамырда өтеді. 

Қарсыласына келер болсақ, негізгі үміткер ретінде поляк боксшысы Камил Шеремета айтылады. Олардың жекпе-жегін Бүкіләлемдік бокс федерациясы (IBF) санкциялады.

Головкин осы кездесуде IBF титулын бірінші рет қорғайды, ол оны 5 қазанда Нью-Йоркте украиналық Сергей Деревянченконың төрешілер шешімімен жеңіп алған еді.