Бокс
6 қазан 2019 15:38

GGG сырқаттанып тұрып жекпе-жекке шыққан - промоутер

Сурет: Тұрар Қазанғапов

Қазақстандық Геннадий Головкин IBF және IBO версиясы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы титулы үшін украиналық Сергей Деревянченкомен жекпе-жек өткізер алдында сырқаттанып қалған. Бұл туралы GGG-мен серіктес промоутер Эдди Хирн мәлім етті, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында болған жекпе-жек 12 раундқа созылды, оның қорытындысы бойынша Головкин төрешілердің шешімімен жеңіске жетті. 


"Эдди Хирн GGG сырқаттанып тұрып жекпе-жекке шыққанын хабарлады. Ол GGG өзін нашар сезінгенін айтты. Лагерь мұны мұқият жасырды", - деп жазды FightHub журналисі Маркос Виллегас.




"Жаңа ғана Леффлермен (Головкиннің промоутері) сөйлестім, ол маған айтылған Хирннің сөзін растады. GGG өзін нашар сезінген. Ол дүйсенбі немесе сейсенбі күні ауырып қалған. Тұмауратқан еді. Жұдырықтасудан бас тарту туралы ешқашан ойламаған", - деп қосты Маркос Виллегас.


"Леффлер ауырып тұрған кезде ешкім 100 пайызға жақсы көрінбейтінін атап өтті. GGG өз пайдасы үшін бұл туралы ештеңе деген жоқ. Ол Деревянченконың көзі қатты ісініп кеткенін ғана айтты", - деді Виллегас.


Бұған дейін соққылар статистикасы мен төрешілер жазбалары жарияланған болатын. Ал екі боксшы баспасөз конференциясының орнына ауруханаға жеткізілді. Головкин жекпе-жек алдында сырқаттанғаны да белгілі болды.