Бокс
5 қазан 2018 11:07
 

"GGG Promotions кеңейеді". Головкин қазақстандық жас боксшыларға қолдау білдірмек

  Пікірлер

blog.share

"GGG Promotions кеңейеді". Головкин қазақстандық жас боксшыларға қолдау білдірмек Геннадий Головкин. Сурет Vesti.kz. Роман Кушпелев©

Орта салмақта бұрынғы WBC, WBA, IBF және IBO чемпионы Геннадий Головкин қазақстандық жас боксшыларға қолдау көрсетпек, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Бұл туралы спортшының өзі Алматыда өтіп жатқан баспасөз мәслихаты кезінде мәлімдеді. 

Головкин GGG Promotions компаниясы ісін жүргізетін қазақстандық боксшыларға өзі іріктеу жасап, таңдайтын болады. "Технодом" ұзақ мерзімді қаржылық қолдау көрсетеді. 

Еске салайық, Головкиннің промоутерлік компаниясында қазір екі қазақстандық боксшы бар - Али Ахмедов және Руслан Мәдиев.

"Технодоммен" бірге жас боксшыларға мақсаттарына жетуге көмектесеміз, балалық армандарының орындалуына. Үйге оралып, өз мақсаттарымды іске асыруға ниеттес адамдарды табу сондай рахат. 

АҚШ-та тіркелген промоутерлік компаниям бар. Командамызда Ахмедов пен Мәдиев бар. Талантты жігіттер, өз күштерін шынайы бағалайды, нақты мақсаттар қояды. Оларға армандарына жетуге көмектесеміз. Рейтингтері жақсы, бастысы қазақстандықтар, бұрын бірге жаттыққандарға демесем. Дос ретінде, ағалық жолмен. Біздің промоушнге жігіттер көптеп келеді деген ойдамын", - дейді Головкин. 

Айта кетейік, GGG қазіргі уақытта Қазақстанда жүр. Мұның алдында ол Астанадағы хоккей матчін тамашалаған болатын. Ал бүгін Алматыда "Технодоммен" бірге баспасөз мәслихатын өткізіп жатыр. 

blog.share
Орта салмақта бұрынғы WBC, WBA, IBF және IBO чемпионы Геннадий Головкин қазақстандық жас боксшыларға қолдау көрсетпек, - деп хабарлайды 
vesti.
kz/">Vesti.
kz
.


Бұл туралы спортшының өзі Алматыда өтіп жатқан баспасөз мәслихаты кезінде мәлімдеді.
 

Головкин GGG Promotions компаниясы ісін жүргізетін қазақстандық боксшыларға өзі іріктеу жасап, таңдайтын болады.
"Технодом" ұзақ мерзімді қаржылық қолдау көрсетеді.
 

Еске салайық, Головкиннің промоутерлік компаниясында қазір екі қазақстандық боксшы бар - Али Ахмедов және Руслан Мәдиев.


"Технодоммен" бірге жас боксшыларға мақсаттарына жетуге көмектесеміз, балалық армандарының орындалуына.
Үйге оралып, өз мақсаттарымды іске асыруға ниеттес адамдарды табу сондай рахат.
 

АҚШ-та тіркелген промоутерлік компаниям бар.
Командамызда Ахмедов пен Мәдиев бар.
Талантты жігіттер, өз күштерін шынайы бағалайды, нақты мақсаттар қояды.
Оларға армандарына жетуге көмектесеміз.
Рейтингтері жақсы, бастысы қазақстандықтар, бұрын бірге жаттыққандарға демесем.
Дос ретінде, ағалық жолмен.
Біздің промоушнге жігіттер көптеп келеді деген ойдамын", - дейді Головкин.
 

Айта кетейік, GGG қазіргі уақытта Қазақстанда жүр.
Мұның алдында ол Астанадағы хоккей матчін тамашалаған болатын.
Ал бүгін Алматыда "Технодоммен" бірге баспасөз мәслихатын өткізіп жатыр.
 

Жарнама

Живи спортом!