Жеңілмеген бразилиялық Эскива Фалькаомен (30-0, 20 KO) айқас қазақстандық Геннадий Головкин (42-2-1, 37 KО) үшін ең қолжетімді және дұрыс таңдау. Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында ESPN арнасының латын америкалық тілшісі Фернандо Барбоза осындай пікір білдірді.
"Головкин "Канеломен" жекпе-жектен мол табыс көрді. Бұл өте тиімді айқас болды, өйткені ол орта салмақтағы титулдарын да сақтап қалды. Кейінгі кезде GGG-ді мықты боксшылардың көбі айқасқа шақырды, бірақ нақты ұсыныс болған жоқ. Ал енді IBF шартының уақыты аяқталуға таяды. Сондықтан ең дұрысы титулды қорғау. Фалькао Қазақстанда жұдырықтасуға дайын. Головкин осындайды ұйымдастыруды көптен армандаған сияқты еді ғой", - дейді Барбоза.