GGG "Канелодан" қорқа ма? Головкин Альвареспен үшінші кездесу туралы сұраққа жауап берді

©boxingscene.com

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) The Ring басылымына берген сұқбатында мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен (57-1-2, 39 КО) үшінші кездесуге қатысты сұраққа жауап берді, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

- "Канеломен" үшінші кездесуді ұйымдастыруға не кедергі болуы мүмкін?

- Мен бұл сұраққа бір емес, бірнеше рет жауап бердім. Тағы да қайталап кетейін. Ең болмаса мамырдың соңына дейін күтейік. Сол кезде не күтуге болатынын, не кедергі болатынын шамалы болса да білеміз. Сондықтан "Канеломен" үшінші кездесу туралы қазір айту ерте. 

- Сіз өзіңіз үшінші кездесудің өткенін қалайсыз ба?

- Жоқ. Мен ешкімге ештеңе қарыз емеспін. Міндетті емеспін. 

Айта кетейік, трилогия қыркүйек айында өтуі мүмкін. Бірақ ол үшін Головкин де Альварес те алдағы кездесулерінде жеңіске жетуі керек. Орта салмақта IBO және IBF белбеулерінің иегері отандасымыз 9 сәуір күні Сайтамада жергілікті боксшы Риота Муратаға (16-2, 13 КО) қарсы кездесу өткізеді. 

Ал "Канело" 7 мамыр күні жартылай ауыр салмақта WBA белбеуінің иегері ресейлік Дмитрий Биволмен (19-0, 11 КО) жолығады. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport