Бокс
15 желтоқсан 2020 10:13
 
"GGG жекпе-жегін көрмек". "Канело" Головкинмен жұдырықтасатын уақытын айтты

  Пікірлер

blog.share

"GGG жекпе-жегін көрмек". "Канело" Головкинмен жұдырықтасатын уақытын айтты Сурет: HBO Boxing

Мексикалық бокс жұлдызы Сауль "Канело" Альварес (53-1-2, 36 KO) 2021 жылы қазақстандық Геннадий Головкинмен (40-1-1, 35 КО) үшінші рет кездесуі мүмкін екенін жоққа шығармайды. Бұл туралы Forbes тілшісі Джош Кацовиц Twitter желісінде жазды. Бокс туралы жазатын журналист мексикалық GGG-дің рекордты қорғауын тамашалайтынын атап өтті, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Жаңа ғана "Канело" Альвареспен телефон арқылы сөйлестім. Қазір оның бар назары Каллум Смитпен жекпе-жекте. Бірақ 2021 жылы Головкинмен рингке шығуы ықтимал екенін де жоққа шығармады. "Келесі жылы қандай жағдай болмасын, мен оған дайынмын. Бірақ қазір бар назарым басқа жақта" деді. Канело жұма күні GGG жекпе-жегін тамашалайтынын айтты", - деп жазды журналист. 

Айта кетейік, 6 желтоқсанда Сауль Альварес жақын арада Головкинмен жекпе-жек өткізу ойы жоқ екенін айтқан еді.

Еске салайық, 18 желтоқсанда Головкин польшалық Камил Шерематаға қарсы IBF титулын қорғайды. Ал Альварес екінші орта салмақта WBA чемпионы Каллум Смитпен кездеседі.

Жарнама

Живи спортом!