GGG-дің кейінгі қарсыласы британиялық чемпионмен жекпе-жек жайлы пікір білдірді

Сурет: DAZN©
Орта салмақта жұдырықтасатын украиналық Сергей Деревянченко (13-2, 10 КО) осы дивизионда WBA ұйымының "уақытша" чемпионы британиялық Крис Юбенкпен (29-2, 22 КО) жекпе-жек туралы ойын айтты, - деп хабарлайды Xsport.ua.

Екі боксшының да ісін FOX пен Showtime арналарында трансляциясы бар Premier Boxing Champions компаниясы жүргізеді. Ал компания боксшылардың менеджері Эл Хэймонға тиесілі.

"Юбенкпен жекпе-жек оңай болмайды. Мүмкін қателесіп те тұрған шығармын. Бокста бір соққы бәрін шешіп кетуі мүмкін. Бірақ Юбенк қиын қарсылас, ол бұрынғы әлем чемпионы. Бұл айқас оңай болмайды деген ойдамын. Дегенмен бізде қазір оңай кездесу жоқ. Ал бұл жекпе-жекті ұйымдастыру - иә, еш қиындықсыз", - дейді Деревянченко. 

"Дәл қазір". Головкинді нокаутқа түсіруге уәде берген әлем чемпионы GGG-ді жекпе-жекке шақырды