"Білесіздер ме, бұл жекпе-жекте пкірілер екіге жарылатындай дүние болды. Біріншіден, Деревянченко таңдандырды. Оның бұл жекпе-жекте мұнша жақсы жұдырықтасатынын күтпедім. Екіншіден, Головкин шаршаған сияқты көрінді. Жекпе-жек оның шеберлігі мен физикалық тәжірибесі арқасында өтті, бірақ, оның көзінен бұрынғы ұшқын байқалмады. Ал Деревянченко тамаша көрінді, оған қарсы ештеңе айта алмайсың.
Головкин баяғындай қалыпта, тек бұрынғы жалын жоқ. Бұрынғыдай тәптіштелмеген. Бұл біріншіден, ал екіншіден, мүмкін сырқаты әсер еткен шығар. Өйткені аздаған әлсіздіктің өзі орындау шеберлігіне қатты әсер етеді.
Деревянченко болса Головкинмен жекпе-жекте қайтпады, техникасы айтарлықтай жақсы деңгейде болды, жылдамдығы да жақсы. Бір сөзбен айтқанда, қазір боксқа керектің бәрі бар", - дейді Гендлин.