"GGG әлі де машина". Головкин - "Канело" жекпе-жегі өтетін басты себеп айтылды
Қазақстандық Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) және мексикалық Сауль "Канело" Альварес (54-1-2, 36 КО) арасындағы үшінші жекпе-жек күзде өтеді. Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында TALKsport порталының редакторы Майкл Бенсон осындай болжам айтты. Бұған себеп те бар көрінеді.
"Головкин мен "Канело" рингке бір уақытта оралды. GGG Шереметаны сенімді жеңді, ал Альварес Каллумды жеп қоя салды. Әрине қарсыластарын салыстыруға келмейді, бірақ, екі боксшы да бабында. Екеуін екі түрлі жекпе-жектен көргенде көпшіліктің оларды бір рингте көргуге ынтасы ашылды. Трилогияны аяқтау - осы дивизиондағы ең асыға күтетін оқиға. DAZN платформасында мұнан асқан маңызды шара жоқ, GGG - "Канело" 3 шоуынан басқа. Бәрі осыған барады. Бұл боксшыларға, платформа мен промоутерлерге де пайдалы. Бұл үлкен шиеленіс. Головкин әлі де машина және келесі жылы күзде олардың жекпе-жегі алдыңғылардан кем болмайды. Хирнде іске асуы керек жоспар барына сенімдімін", - дейді Бенсон.

Жарнама