Notifight.com шолушысы Людо Саенс қазақстандық Жан Кособуцкий (18-0, 17 КО) жеңілмеген германиялық Хуссейн Мухамедпен (17-0, 14 КО) айқаста жеңсе не ұтатынын айтты. Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында ауыр салмақтағы нокаутшылардың мүмкіндіктері жайлы ойын айтты.
Бұл жекпе-жек 5 қараша Германияның Оберхаузен қаласында өтеді. Бұл айқаста Жанға тиесілі WBC International титулы сарапқа салынады.
"Бұл өте жақсы жекпе-жек. Жеңілмеген екі боксшы. Олар Германияда өте танымал. Былай айтқанда біз ең мықты боксшыны анықтаймыз. Ал жеңімпазды Агит Кабайлмен шығаруға болады. Осы екі айқастан кейін біз Германиядағы ең мықты боксшы кім екенін білеміз. Жеңіске жеткен жағдайда Кособуцкийдің жанкүйерлері арта түседі", - дейді Саенс.