Германиялық маман қазақстандық нокаутшы мен америкалық чемпион жекпе-жегінде кім жеңетінін айтты

Германиялық Bild газетінің журналисті Ральф Шмидт Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында қазақстандық Жан Кособуцкий (14-0, 13 КО) мен америкалық Стив Вукоша (12-1, 4 КО) арасындағы жекпе-жекте кім жеңетінін айтты. 

Айта кетейік, 17 қазан Дюссельдорфте өтетін бокс кешінің басты жекпе-жегінде ауыр салмақтағы IBO Inter-Continental және WBA International белбеулері сарапқа салынады.

"Жан Германияда танылып үлгерді. Ол Агрон Смакичиді жеңіп, сенсация жасаған еді. Содан кейін де ол айтарлықтай өсті. Қазір ол бабында, бірақ, ары қарайғы болашағы туралы айту әлі ерте. Оған жас емес болса да, мықты жігіт қарсы тұрады. Меніңше, Жанның жеңісі көп күттірмейді. Дегенмен көрермендерге ұнай түсу үшін тамаша жекпе-жек көрсету керек. 

Чемпиондық жекпе-жек? Әлі уақыт келе қойған жоқ, дегенмен, әр айқас оны биікке жетелейді. Оның өнерін бақылай жүреміз", - дейді Шмидт.
Жаңалықтар