Бокс
12 маусым 2019 11:00
 
"Геннадий қорытынды шығарды". Гассиевке Головкин сияқты Санчестен кету қалу кеңес етілді

  Пікірлер

blog.share

"Геннадий қорытынды шығарды". Гассиевке Головкин сияқты Санчестен кету қалу кеңес етілді Гассиев, Головкин және Санчес. Сурет: The Ring

"Спорт-Экспресс" журналисті Михаил Потапов бірінші ауыр салмақта бұрынғы әлем чемпионы Мурат Гассиевке (26-1, 19 КО) бапкер ауыстыруға кеңес берді.

Гассиевті 2014 жылдан бері Абель Санчес жаттықтырп келеді. 2018 жылы шілдеде ресейлік боксшы Бүкіләлемдік бокс суперсериясының (WBSS) финалындағы абсолют чемпион атағы үшін жекпе-жекте украиналық Александр Усиктен жеңілді.

Биыл сәуірде Санчестен тоғыз жылғы серіктестіктен кейін қазақстандық Геннадий Головкин (39-1-1, 35 КО) кеткен болатын.

Автордың ойынша, Гассиевке де GGG сияқты істеу керек.

"Басқаша әрекет ету үшін Муратқа бапкер ауыстыру қажет. Абель Санчес - еңбегі сіңген коуч, бірақ, соңғы бір-екі жылда оның жаттықтыратын боксшылары бірсарында жұдырықтасатынын және жекпе-жек барысын өзгерте алмайтынын көрсетіп отыр. Оның Б жоспары жоқ, бұл өкінішті. Геннадий Головкин "Канелодан" жеңілген соң, қорытынды шығарды да, Абельмен қошайтысты. Мурат әзірге олай еткен жоқ. 

Оның жасы 25-те ғана, сондықтан өзгеруге кеш емес. Қолында жатқан динамит пен жағының мықтылығы оған 99 пайыз боксшының алдында артықшылық беріп тұр. Керегі - тактика жағынан сәл түрлену. Муратта ауыр салмақта алдыңғы қатарлы боксшы атану үшін бәрі бар", - деп жазыпты автор.  

Жарнама

Живи спортом!