Бокс
6 наурыз 13:23
 

Геннадий Головкиннің спарринг серігі көз жұмды

  Пікірлер

blog.share

Геннадий Головкиннің спарринг серігі көз жұмды ©worldboxingnews.net

Жартылай орта салмақтағы америкалық боксшы Карсон Джонс (44-16-3, 32 KO) 38 жасында сирек кездесетін сырқаттан көз жұмды, деп хабарлайды BoxingScene

blog.share

Жартылай орта салмақтағы америкалық боксшы Карсон Джонс (44-16-3, 32 KO) 38 жасында сирек кездесетін сырқаттан көз жұмды, деп хабарлайды BoxingScene

Кейінгі айларда Джонстың денсаулығы сыр беріп, қаңтарда оған ахалазия (жұтынудың өте сирек бұзылуы) диагнозы қойылды. Ал тамағына жасалған операциядан кейін спортшы көз жұмған. 

Карьерасында бірнеше белбеу жеңіп алған

Джонс жартылай орта салмақта USBA және NABA (Солтүстік Америка чемпиондығы), сондай-ақ, WBC Continental Americas чемпионы болған.

Кәсіпқой карьерасында боксшы 65 жекпе-жек өткізіп, 44 кездесуінде жеңіске жеткен (32 нокаут).

Оның карьерасындағы ең үлкен айқас Келл Брукпен болды. 2012 жылы бірінші жекпе-жегінде төрешілер шешімімен жеңілді, ал 2013 жылы қарымтада техникалық нокаутпен.

Кейінгі рет ол рингке 2023 жылы көтепіліп, қарсыласын екінші раундта нокаутқа түсірген.

Атақты боксшылармен жаттыққан 

Джонс карьерасында ең мықты бкосшылардың спарринг-серігі болған: Геннадий Головкин, мексикалық Сауль Канело Альварес және америкалық Теренс Кроуфордтың, деп жазады Latinus.us.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!