Геннадий Головкиннің ісін жүргізетін промоутер Сауль "Канело" Альвареспен екі жекпе-жекке келісімшарт жасады

Сурет: CBS Sports

Орта салмақта IBF және IBO чемпионы Геннадий Головкинмен (41-1-1, 36 КО) жұмыс жасайтын Matchroom Boxing промоутерлік компаниясының басшысы Эдди Хирн мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен (54-1-2, 36 КО) екі жекпе-жекке келісімшарт жасады. Бұл туралы BoxingScene хабарлап отыр.

Бірінші айқас 27 ақпан Майамиде өтеді. Альварес WBC желісі бойынша міндетті қарсылас түркиялық Авни Йылдырыммен (21-2,1 2 КО) жұдырықтасады. Ал екінші кездесудің уақыты белгісіз. 

Альварес - Йылдырым жекпе-жегі DAZN платформасында тікелей көрсетіледі.

Жаңалықтар