Геннадий Головкиннің клубы 32 жылда бірінші рет чемпиондыққа қол жеткізді

Сурет: vk.com/ggolovkin
Қазақстандық боксшы әрі орта салмақта IBF және IBO чемпионы Геннадий Головкин "Лос-Анджелес Доджерс" бейсбол клубын Әлемдік сериядағы жеңісімен құттықтады,- деп хабарлайды Vesti.kz.

Лос-Анджелес бейсболшылары "Тампа Бэй Рейс" командасын жеңіп, бейсболдан Басты лиганың финалы (MLB) - Әлемдік серия жеңімпазы атанды. Головкин құттықтауын Instagram желісінде жариялады. 



Осылайша, Лос-Анджелес Әлемдік серияны өз тарихында жетінші рет ұтты. Кейінгі рет "Доджерс" трофейді 1988 жылы иеленген.

Головкин өзі Лос-Анджелесте тұрып жатқанын айта кетейік. Ол "Доджерс" командасына бірнеше рет қонақ болып, допты ойынға қосқан болатын.