Қазақстандікінен бөлек капада Украина, АҚШ және Италия тулары бейнеленген. Украиналық боксшы Қазақстанда "Астана Арландарымен" WBS-де өнер көрсеткен, ал Италияда Milano Thunder командасы үшін жұдырықтасқан.
"Кәсіпқойда бәрінің өз мағынасы бар, кішкентай ғана бөлшектердің де", - деп жазыпты Деревянченко Instagram желісінде.
Еске салайық, 26 қыркүйекте Деревянченко орта дивизионда WBC чемпионы америкалық Джермалл Чарломен жекпе-жекке шығады. Кейінгі кездесуінде украиналық боксшы төрешілер шешімімен қазақстандық Геннадий Головкиннен жеңілген еді.